Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздарды 50 мың теңге үшін шешіндірген Айжан Байзақова соққыға жығылды (фото)

Опубликовано:

Қыздарды 50 мың теңгеге шешіндірген атышулы блогер соққыға жығылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Бұл туралы «Не Молчи» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дина Исмайылова Facebook желісіндегі жеке парақшасына жазды.

«Айжан Байзақованы соққыға жықты. Еліміздегі қоғамдық қозғалыстың нәтижесі міне - зорлық пен зомбылық. Барлық жайтқа бойжеткенді кінәлі етіп көрсетіп, қыздардың шешінуіне ақша тігіп, көңіл көтеріп, азғындық жасаған жігіттер тасада қалды. Егер, шындық керек болса қоғамда арандатушылық пен бүлік ұйымдастырғандардың барлығын абақтыға жапсын! Егер, сіз өсиет пен өнегені насихаттағыңыз келсе ең бірінші еркек болып, нәзік жандыларға қол көтермеңіз! Жігіттерді жеке әңгімеге шақырыңыз» ,- деп жазды қоғам белсендісі.

Блогердің соққыға жығылғанын туған сіңілісі Жібек Байзақова да растады. Бойжеткеннің туыстары Айжанды сабап кеткендер туралы жақ ашқылары келмеген. Тіпті, ғаламтордағы фотоны кімнің таратқанын білмейді.

Естеріңізге сала кетсек, ғаламтор жұлдызы Айжан Байзақова «Закова бар» клубында қыздар арасында 50 мың теңгеге шешіну ойынын ұйымдастырғаны халықтың ашуына тиген болатын. Артынша атышулы блогер үш күнге қамауға алынып, Instagram-дағы парақшасын өшірді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1709912-kyzdardy-50-my-tege-sin-sesindirgen-ajzan-bajzakova-sokkyga-zygyldy-foto/

pixel