Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Халықаралық ақпараттық технология университетінің бұрынғы ректоры қамауға алынды

Опубликовано:

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков қаржыны иемдену немесе талан-таражға салу күдігі бойынша қамауға алынды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматыда Халықаралық ақпараттық технология университетінің бұрынғы ректоры қамауға алынды
Фото: vecher.kz: Twitter

Агенттік ақпаратынша, Алматы қаласының ауданаралық тергеу соты күдікті Дамир Шыныбековқа қатысты екі айға бас бостандығынан айыру бұлтартпау шарасын қолданған.

Ол ірі көлемде біреудің мүлігін иемдену немесе талан-таражға салу бойынша күдікке ілінген.

Қорғаушы тарап үкім бойынша апелляциялық арыз берген, алайда Алматы қаласының қалалық соты үкімді өз күшінде қалдырған.

Дамир Шыныбеков 2009 жылдан бастап ректор қызметін атқарып, 2017 жылы Алматы қаласының мәслихат депутаты атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800094-almatyda-hatu-bryngy-rektory-kamauga-alyndy/

pixel