Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуім мүгедек": Тоқаевтан көмек сұраған арыстық әйел жарылыс туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған арыстық келіншек көз алдында орын алған жойқын жарылысты еске түсірді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Видеодан кадрлар
Фото: Видеодан кадрлар: Facebook

Арыс қаласының 42 жастағы тұрғыны Меруерт Айтпен жарылыстың алғашқы ұшқыны байқала бастағанда жұмыста болыпты. Жолдасы да кенже ұлын алып, сыртқа шығып кеткен екен. Үйде үлкен және ортаншы қызы қалған.

Алғашында жарылыс даусын естіген олар үрейленіп, үйден шықпай отырыпты. Осы сәтте келіншек жұмыстан дереу үйіне келіп, қыздарын алып, елмен біре қала сыртына шығудың қамына кіріседі.

"Үйде отырғанда төрт тереземіз бір сәтте төрт жаққа ұшты. Зәреміз қалмады. Алғашында тоқтайтын шығар деп ойладық. Тоқтамады, жанымызды шүберекке түйіп, елмен бірге қаладан кетуге тырыстық. Кете беріппіз, қырдың басынан бір-ақ шықтық. Бес сағаттай соның төбесінде жүріп, кейін құтқарушылар осы Ордабасы ауданындағы эвакуациялық пунктке әкелді",- деп әңгімесін бастаған Меруерт Айтпен кеше жарылыстан зардап шеккендерге арнайы келіп, тұрғындармен кездескен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген уәдесінде тұратынына сенім білдірді.

"Президентіміз кеше келді ғой. Сонда ақша бөлінеді, көмектесеміз деді. Қарап тұрсаңыз, қаншама адам шығынға батты. Үйлері жарылды. Мен өзімнің үйімнің терезелері ұшып кеткенін білемін, одан кейін не болғаны бір құдайға ғана аян.

Сол кезде Тоқаев мырзаға "Жағдайым нашар, үйді сатып алатын да, салатын да жағдайым жоқ. Күйеуім екінші топ мүгедегі" деп айттым. Ол кісі халықты сабырға шақырып, көмек берілетінін уәде етті. Алдамайтын шығар",-деді үш баланың анасы.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Сондай-ақ, президент зардап шеккен үйлерді аралап, бірқатар нақты тапсырма берген болатын.

Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстықтарға көмек беріп жатқан халыққа алғысын білдірсе, Тұрғымбаев өртті не себепті сөндіре алмай жатқанын түсіндірді.

Сондай-ақ, жарылыс күні Арыста ұялы байланыс неге істен шыққаны, қазіргі уақытта қаланың жағдайы қандай екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысынан Арысқа 40 тонна азық-түлік жіберілді, ал Алматыдан құрылыс материалдары тиелген жүк көліктері жөнелтіледі.

Соңғы мәліметтер бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарына өзінің бір күндік жалақысын аударды. Сондай-ақ, қалада жоғалып кеткен әскери қызметкер табылды.

Айта кететін жайт, жойқын жарылыс болған өңірде мешіттің әйнектері аман қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801570-kjeuim-mgedek-tokaevtan-kmek-sragan-arystyk-jel-zarylys-turaly-ajtty-video/

pixel