Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлгінов: Астана банкіндегі LRT-ға арналған барлық бұғатталған ақша қайтарылуы тиіс

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әкімдік жиналысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың LRT құрылысына байланысты айтылған сынына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: uralskweek.kz
Фото: uralskweek.kz: UGC
"Президент тарапынан бюджетті тиімсіз жоспарлау жөнінде сын айтылды. Аstana LRT құрылысы мәселесі, жобаның тым қымбаттылығы, жалпы оның мақсаттылығы жөнінде мәселе айтылды.
Астана банкіндегі LRT жобасына қатысты барлық бұғатталған қаражат мемлекетке қайтарылуы керек. Асқар Кемеңгерұлына (ред. Асқар Амрин – әкім орынбасары) жедел түрде осы мәселемен айналысуды тапсырамын", - деді Көлгінов.

Сонымен бірге ол барлық бюджеттік жобалар екі сауалға жауап беруі тиіс екендігін атап өтті: олар не үшін қажет екендігі және әлеуметтік-экономикалық тиімділігі.

Айта кетейік, бұған дейін президент елордадағы ЛРТ құрылысына қатысты сын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805177-klginov-astana-bankindegi-lrt-ga-arnalgan-barlyk-bgattalgan-aksa-memleketke-kajtaryluy-kerek/