Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шалқарда барлығы "чики-чики" емес: Жол төсеушілердің былығы ашылды (фото)

Опубликовано:

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында жол жөндеу жұмыстары кезінде қыруар қаржы қолды болған деп хабарлайды Diazapon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: diapazon.kz
Фото: diapazon.kz: Facebook

Заң бұзушылықты облыстық ревизия комиссиясы анықтады.

Миллиондаған қаржы Шалқар қаласындағы Боранбайұлы, Тұңғатаров, Бостандық, Қарағұлин көшелерінің жөндеуге бөлінген. 

146 миллион теңгеге жол жөндеу жұмыстарына тендерді аудандық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі жариялаған, конкурс жеңімпазы - "Лилит" ЖШС.  

"Тексеру барысында анықталғандай, 65,8 млн теңгеге жұмыстың атқарылғаны туралы жалған құжаттар толтырылған, - деді ревизия комиссиясының төрағасы Сағат Еңсегенұлы. 

Оның айтуынша, мердігер компанияға 38 млн теңге аударылған, шамамен 28 млн теңге аударылмай қалған.

Фото: diapazon.kz
Фото: diapazon.kz: Facebook

Құжатқа аудандық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшілері қол қойған. 

Тексеруге "Сот сараптамасы ұйымы" жұмылдырылған.

Оның мәлметінше, Боранбайұлы көшесінде 19,2 млн теңгенің жұмысы жасалған, ал 11,2 млн теңгенің жөндеу жұмыстары атқарылмапты.

Тұңғатаров көшесінде 10 млн теңгенің жұмысы жасалған, 12 млн теңгенің жұмысы көзге көрінбейді.

Бостандық көшесінде жасалған жұмыс көлемі 20,2 млн теңгеге бағаланған, 19,1 млн теңгенің жұмысы жасалмапты.

Кәсіпорын 38 млн теңгені бюджетке қайтару керек немесе осы сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.

Материал прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жолданды.

Фото: diapazon.kz
Фото: diapazon.kz: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811010-salkarda-barlygy-ciki-cik-emes-irde-zol-tseusilerdi-bylygy-asylyp-kaldy-foto/

pixel