jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алматыдағы жеткіншек өлімі: Оқушы бұған дейін денсаулығына шағым айтпаған

: Facebook

Алматыда баскетбол үйірмесінде 15 жастағы бала көз жұмды. Жаттығу барысында 9- сынып оқушысы есінен танып, жедел жәрдем қызметі жеткенше тіл тартпай кеткен. Жеткіншектің неден өлгенін дәрігерлер де айта алмай отыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

КТК телеарнасының видеосынан кадр
КТК телеарнасының видеосынан кадр: Facebook

Қайғылы оқиға Қазақ спорт және туризм академиясының спорт залында кеше болған. Ақылы баскетбол үйірмесінде оқушылардың кезекті жаттығуы өтіп жатқан. Ойын барысында кенет 15 жастағы Ален есінен танып құлап, жедел жәрдем қызметі жеткенше жан тәсілім еткен.

Жедел-жәрдем мамандары шақырылған жерге бригаданың сегіз минутта барғанын айтты. Алайда, дәрігерлер жеткен кезде жасөспірім қаза болған екен.

"Шақыртуға жақын арадағы бригада жіберілді. Бригаданың жету уақыты 8 минут. Біздің диагноз – биологиялық өлім. Өлім себебі –  белгісіз", - деді Алматы қалалық жедел медициналық көмек станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шайхидин Бәдіров.

Академия басшылығы жаттықтырушының тәжірибесі көп екенін айтты. Бұрындары кәсіби баскетболшы болған ол кешкі уақытта ақылы түрде жасөспірімдерге осы спорт түрінің қыр-сырын үйретеді екен. Әріптестері тәжірибелі маман жеткіншектерге жоспардан тыс тапсырма беріп жүк салмайды деп отыр.

"Жаттықтырушы – біліктілігі жоғары маман. Жоғары білімді. Дене шынықтыру пәні бойынша PHD докторы. Өзі бір кездері кәсіби деңгейді баскетболмен шұғылданған. Ол үйірмені жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азамат жүргізеді. Осы залда басқаруға берген ЖШС ала отырып, жүргізеді. Екеуінің арасында келісім бар", - деді Қазақ спорт және туризм академиясының проректоры Мұхтар Есқалиев

Ал, жеткіншек оқыған №94 мектеп-гимназисының директоры Айгүл Ботбаекованың айтуынша, лен өте тәртіпті, сабақ үлгерімі жоғары, тәрбиелі болған. Ол осы мектепте бірінші сыныптан бері оқып келеді екен. Сонымен бірге ол дене шынықтыру сабағына үнемі қатысып, денсаулығына мүлдем шағым айтпапты.

Тоғызыншы сынып оқушысының неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Оның себебін арнайы тағайындалған сот-медициналық сараптамасы анықтамақ.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда жаттығу кезінде жасөспірім жігіттің қайтыс болғаны хабарланған еді. Достарымен бірге баскетбол ойнап жүрген бала, кенеттен жүрегі ұстап, дәрігерлер келгенше көз жұмған.

Артынша, үйірме жаттықтырушысының жұмысттан шеттетілгені туралы да ақпарат тарады.

Алматыдағы жеткіншек өлімі: Оқушы бұған дейін денсаулығына шағым айтпаған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.