Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тауында жоғалған қызды іздеу шаралары қалай жүріп жатыр (видео)

Опубликовано:

Болжам бойынша, Алматы тауында жоғалған Әсел Панаргалиеваны іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздестіру шараларына тікұшақ тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Фото: Алматы ТЖД
Фото: Алматы ТЖД: Depositphotos

Ведомствоның мәліметінше, 14 қарашада сағат 16:00-де тікұшақтық әуе эскадрильясы командирінің орынбасары Өміржан Асанғалиевтің басшылығымен, республикалық жедел-құтқару жасағынының құтқарушыларымен бірге ІІМ ТЖК-нің МИ-171 "Казавиаспас" тікұшағы "Боралдай" әуежайынан ұшып шықты.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының келісі бағдары белгіленді: Боралдай әуежайы – Үлкен Алматы шыңы – Космостанса – Үлкен Алматы өзені – "Коммунальник" шыңы – Боралдай әуежайы.

Бұған дейін Алматы тауында жоғалған Әсел Панаргалиеваны іздеу жұмыстары қайта жандандырылып, іздеу шараларына тікұшақ тартылғанын хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетейік, ТЖК-нің республикалық жедел-құтқару жасағы 26 жастағы арудың жоғалғаны туралы 10 қараша күні түнде білген.

Кейіннен оның туыстары төтенше жағдайлар комитетіне хабарласып, іздеу жұмыстарын тоқтатуды сұраған.

Ал 11 қарашада төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов іздеу жұмыстары қайта жалғасатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827294-almaty-tauynda-zogalgan-kyzdy-izdeu-saralary-kalaj-zrip-zatyr-video/

pixel