Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хабиб Нурмагомедов қазақстандық Ник Вуйчичпен футбол ойнады (видео)

Опубликовано:

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыдағы жанкүйерлерімен кездесу барысында қазақстандық Ник Вуйчичпен футбол ойнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Facebook

Қол- аяқсыз дүниеге келген қазақстандық Әли Тұрғанбеков UFC жұлдызымен кездесіп, "Алматы Арена" сахнасында халық алдында жаттығу өткізді.

Ресейлік спортшы Алматыға бүгін келіп жетті. Ол 25 желтоқсан күні "Алматы Аренада" өтетін Gorilla Fighting Championship 23 турнирінің құрметті қонағы болады. Бір күн бұрын әлемге әйгілі спортшы қазақстандық жанкүйерлерімен кездесіп үлгерді.

Нурмагомедов Қазақстанға өз командасына кіретін Ислам Махачев, Зубайра Тухугов сынды спортшылармен келді.

Қазақстандағы ең көп талқыланатын жас ойыншылардың бірі Димаш Кашкен өзінің желідегі парақшасында түрлі ресейлік жекпе-жек шеберлерімен түскен бірнеше суретін жариялады.

Фото анықтамасында олардың Instagram-дағы парақшаларына сілтемелер қалдырған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) өзінің жаттығуға кіріскенін және келесі жекпе-жектің өтетін уақытын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833281-habib-nurmagomedov-kazakstandyk-nik-vujcicpen-futbol-ojnady-video/

pixel