Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан қорыққан Индонезия 200-ге жуық тұрғынын адам тұрмайтын аралға жіберді

Опубликовано:

Индонезияда 188 азамат карантиннен өту үшін адам тұрмайтын Себару аралына жіберілді. Белгілі болғандай олар коронавирусқа байланысты ақпан айының басында Гонконгта карантинге жабылған World Dream круиздік лайнерінің жолаушысы болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: РИА Новости/Мигель Кандела
Фото: РИА Новости/Мигель Кандела: Instagram

Жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасаған РИА Новости-дің мәліметінше, индонезиялықтар Джакартаға жақын аралға арнайы суда жүзетін госпитальмен жеткізілген. Оны әскери кемелер алып жүрген.

Аралда круиздік кеме командасының барлық мүшелері қосымша медициналық тексерістен өтіп, карантинге жатқызылады.

Айта кетейік, бұрын Себару аралында есірткіге тәуелді адамдарды оңалтуға арналған орталық болған.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, орталықтың инфрақұрылымы карантинге жатқызылған адамдардың қарамағында болады.

Еске сала кетсек, осыған дейін бірнеше мыңдаған адамы бар Diamond Princess круиздік лайнері коронавирусқа байланысты Жапония жағалауында карантинге жабылғаны хабарланған.

Кейін еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Диас Ахметшәріп кемеде 50 мемлекеттің азаматтары соның ішінде төрт Қазақстан азаматының бар екенін хабарлаған.

Отандастарымыздан коронавирус белгісі анықталмады.

Ал алып кемеде карантинге жабылған адамдарды шығару жұмысына үш күндей уақыт кетті. Жолаушылардың барлығын дәрігерлер тексеруден өткізіп, сырқаттанбаған адамдарды үйлеріне қайтарды.

Лайнерде карантинде болған төрт қазақстандық SCAT әуе компаниясы жолаушыларымен бірге "күн шығыс" елінен ұшып келді.

Кейін денсаулық сақтау министрлігі қолайсыз жағдай үшін Scat әуекомпаниясының жолаушыларынан кешірім сұраған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843071-koronavirustan-korykkan-indonezia-200-ge-zuyk-trgynyn-adam-trmajtyn-aralga-ziberdi/

pixel