Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынды

Опубликовано:

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің басшысы Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынғаны туралы мәлімдеді. Бұған аталған елде қытайлық коронавирустың жаңа түрі таралып жатқаны себеп болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коронавирустың салдарынан Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Мұхтар Тілеуберді бүгінгі таңда әлемнің 60-ға жуық мемлекетінде COVID-19 коронавирусын 87 мың адам жұқтырғанын хабарлады.

Қауіпті ауруды жұқтырудың ең көп жағдайы жаңа вирустың шыққан жері - Қытайда тіркелген.

SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтырудың мыңнан астам жағдайы Иран мен Италияда, 240 жағдайы Жапонияда және 102 жағдайы Сингапурда тіркелді.

Осы орайда, оның сөзінше, Әзірбайжанмен әуе хабарлама саны қысқаруда.

"5 наурыздан бастап Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады", - деді ҚР СІМ-нің басышысы.

Бұған дейін билік өкілдері 1 наурыздан бастап Иранмен әуе қатынастарының тоқтатылғандығы туралы хабарлаған еді.

Аталған мемлекетті денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша қолайсыз елдердің қатарына қосты.

Бұған дейін қазақстандық денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың салдарынан "Б" жоспарының жасалғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әуе айлағы мен темір жол вокзалында 2020 жылдың 6 қаңтар мен 28 ақпан аралығында Қытайдан келген 32 мың адам тексерістен өткенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметіне сәйкес, коронавирустың салдарынан Қытайдан өзге елдерде 7169 адам зардап шекті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843470-koronavirus-iran-azamattaryna-kazakstanga-kiruge-tyjym-salyndy/

pixel