Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парагвайда ұсталған Роналдиньо жазаға тартылуы мүмкін

Опубликовано:

Парагвайда полиция "Барселона" мен Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдиньоны құрықтады. Бразилиялықтың ағасымен бірге тоқтаған қонақүйдегі нөміріне тінту жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото : Fiscalía Paraguay
Фото : Fiscalía Paraguay: Instagram

Басылым мәліметінше, парагвайлық прокурор бразилиялықты тұтқындау туралы ордер жазған. Ол елге жалған құжатпен кірді деген күдікке ілініп отыр. Полиция қонақүйдегі Роналдиньо мен ағасы тоқтаған бөлмеге тінту жұмыстарын да жүргізді. Қазір екеуі де тәртіп сақшыларының бақылауында отыр. Бүгін олардан жауап алынуы тиіс.

Роналдиньо Парагвайға балаларға арналған тегін денсаулық сақтау бағдарламасын ұсынуға келген. Прокурор экс-ойыншыны қамауға алу рәсімін аяқтауы тиіс.

Фото: media.az
Фото: media.az: Getty Images

Ағайындылардың қасында жүрген тағы бар адам тұтқындалды. Роналдиньо мен ағасының сөзінше, дәл сол азамат өздерін алдаған және жауапқа тартылуы қажет деп хабарлайды ESPN.

Осыған дейін прокуратура міндеттеген айыппұл үшін Бразилияда Роналдиньоның 57 жылжымайтын мүлігі бұғатталған еді. Ол Порту-Алегрида жылжымайтын мүлік құрылысы кезінде экологиялық шығын келтіргені үшін 2,3 млн еуро төлеуі қажет.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844117-paragvajda-stalgan-ronaldino-zazaga-tartyluy-mmkin/

pixel