Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Владислав Челахтың қайтыс болғаны рас па

Опубликовано:

БАҚ пен әлеуметтік желілерде өмір бойына сотталған Владислав Челах өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат пайда болды. Қауесетте "Қара бүркітте" қазір жазаны оның егізі өтеп жатқаны айтылған. Осыған қатысты Ішкі істер министрлігі жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

челах
Владислав Челах. Фото: asker.kz: UGC

ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің дерегіне сүйенсек, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Әңгіме кім жөнінде, сотталушы тірі, аман-есен. Ол қауіпсіздігі жоғары мекемеде қамауда отыр. Денсаулық жағдайына шағымы мен наразылығы жоқ", - деді ведомство.

Ал сотталушының атасы Владимир Челах Tengrinews.kz агенттігіне немересінің өлімі жайлы ақпараттың бұған дейін бірнеше рет тарағанын айтқан. Олар Владиславқа 15 наурызда баруды жоспарлап отыр. Туыстары онымен жақында ғана сөйлескен, сол кезде бәрі дұрыс болған екен. Айта кетсек, Владислав жақындарымен 4 жылда бір рет көрісе алады.

Еске сала кетсек, Владислав Челах 2012 жылы "Арқанкерген" бекетінде өзінің қызметтестерін яғни 14 шекарашы мен бір қорықшыны өлтірді деп айыпталып, өмір бойына сотталған.

Челах Жоғарғы сотқа өтініш түсіргенімен оның үкімі өзгеріссіз қалды.

Қазір сотталушы жазасын Қостанай облысындағы Жітіқарада өтеп жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844279-vladislav-celahty-kajtys-bolgany-ras-pa/

pixel