RU

Алматы әуежайы 415 миллион долларға сатылды

Түркияның TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайының жүз пайыз акциясын 415 миллион долларға сатып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ведомство мәліметінше, TAV Airports холдингінің консорциумдағы үлесі 75 пайыздан кем болмаған.

Алдағы уақытта құжаттардың барлығы заңды түрде реттелген соң барлық акцияны табыс ету жүзеге аспақ.

Алматы әуежайы TAV Airports Holding портфолесінде он бесінші болып тұрғаны анықталды.

"Қазақстан географиялық жағынан да, экономикалық жағынан да ірі ел. Алматы – ішкі жалпы өнімнің 20 пайызы тұтынылатын үлкен қала. Одан басқа "заманауи Жібек жолының", яғни, Қытай, Еуропа, Африканы байланыстырып тұрған ірі орталық. Оның әлеуеті зор. Біз өзіміздің білімімізге сүйеніп, іс-әрекеттерді жүзеге асыратын боламыз", - дейді холдингтің президенті және абс директоры Сани Шенер.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Cұлтан қаласы әуежайының үш әріптік коды өзгергенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854896-almaty-uezajy-415-million-dollarga-satyldy/