RU

Қазақстандық танымал журналист қайтыс болды

Танымал журналист, "Литер" республикалық қоғамдық-саяси газетінің шолушысы Мира Құдабаева өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Айқын газетіне сілтеме жасап.

Фото: Жұмабек Айқынұлы
Фото: Жұмабек Айқынұлы: Instagram

Мира Құдабаеваның неден қайтыс болғаны хабарланған жоқ.

Ол 1967 жылы 23 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Аюлы ауылында дүниеге келген. Білікті журналист 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Қаламгер "Литер", "Новое поколение" және "Страна и Мир" секілді республикалық қоғамдық-саяси газеттерінде жұмыс істеген.

Басылым мәліметінше, 2005 жылдың 9 қаңтарда кіші інісі капитан-бітімгер Қайрат Құдабаевтың қазасынан кейін оның ерлігін ел есінде қалдыру мақсатында Ирактағы бітімгершілік миссияны тоқтатпай, қазақстандық бітімгерлік батальонын басшылыққа алып, інісінің әріптестерінің басы-қасында болған. Осы 14 жылдың ішінде түрлі қайырымдылық іс-шаралардың өтуіне мұрындық болған.

Отыз жылдан астам уақыт журналистік еңбек жолының кейінгі 10 жылында "Литер" газетінде еңбек еткен.

Әскери салаға да қалам тартқан Мира Құдабаева Қазақстан Қарулы Күштерінің дамуына да айтарлықтай өз үлесін қосты.

KAZ.NUR.KZ порталының редакциясы Мира Құдабаеваның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864637-kazakstandyk-tanymal-zurnalist-kajtys-boldy/