RU

Ләйлә Сұлтанқызының туған ағасы өмірден өтті (фото)

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының туған ағасы өмірден өтті. Қаралы хабарды журналистің өзі әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram/sultankyzy
Фото: Instagram/sultankyzy: Instagram

Тележүргізуші бұған дейін ағасының ауырып жатқанын айтып, көпшіліктен дұға етуді сұраға болатын.

Бүгін Ләйле Сұлтанқызы Руслан есімді ағасының дүние салғанын айтты.

"Енді мені қарындасым деп кім іздейді?", - деді ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Бұны көрген желі оқырмандары журналистің қазасына ортақ екендерін білдіріп, көңіл айтты.

"Иманды болсын", "Бекем болыңыз", "Алла тағалам пейіштен орын берсін", "Жақсы адам еді", - деді олар.

Айта кетейік, осыдан үш күн бұрын тележүргізуші ағасының жағдайы бірқалыпты екенін хабарлаған.

"Ағамның реанимацияда жатқанына 11 күн болды. Жағдайы бірқалыпты. Инсульт ұзақ емделеді дейді. Қазірге тек дұғадамыз. Мұны жазып отырған себебім, күнде жекеме жазып, қал-жағдайын сұрап жатқандар көп. Әрқайсыңызға жанашырлықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін", - деген еді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін қазақ эстрадасының танымал әншісі Рамазан Стамғазиевтің туған інісі қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866460-ljl-sltankyzyny-tugan-agasy-mirden-tti-foto/