Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

27 жастағы жоғалып кеткен жігітті Талғар полициясы іздестіріп жатыр

Опубликовано:

Талғар1
Фото: polisia.kz

Алматы облысы Талғар ауданының тәртіп сақшылары Туғанбай елді мекенінің жоғалып кеткен тұрғынын іздеуде. Ер адам 10 күннен астам уақыт бұрын үйден шығып кетіп, қайта оралмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Талғар облысының полиция басқармасының мәліметтері бойынша, 1993 жылы туған Тоқтаров Әлібек жоғалып кеткен. Ер адам Өзбекстан елінің тумасы екен. Тоқтаров Талғар өңірінде Туғанбай ауылында тұрған.

2020 жылдың 16 тамызында, күндізгі сағат бір шамасында Әлібек үйден кетіп, әлі күнге дейін үйіне оралмаған. Жоғалған ер адамның айшықты белгілері: бойы 170-175 см, арық денелі, шашы қара. Үстіне кигені: көк түсті күртке, қара түсті джинс шалбары, қара кроссовка.

Тәртіп сақшылары Тоқтаров Әлібектің қазіір уақытта қайда екені туралы қандай да бір мағлұматы бар адамдарға 8 (7282) 600-232, 600-233 телефонына немесе Талғар аудандық полиция басқармасына 8 (727) 295-61-05, 95-63-96 нөмірі бойынша қоңырау шалуды сұрайды. Құпиялылыққа кепілдік берілетіні туралы атап өтілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Талдықорған қалалық полиция басқармасы 2005 жылы туған Әділет Мақсатұлы Нүсіпбаевқа іздеу жариялаған еді. Ол 12 тамызда үйінен белгісіз бағытта кетіп қалып, қайтып оралмаған екен.

Сондай-ақ, Ақмола облысында полиция қызметкерлері, еріктілер мен тұрғындар шаштаразға барған соң із-түзсіз кеткен 13 жастағы жеткіншек қызды іздестіріп жатқаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871502-talgar-policiasy-zogalgan-27-zastagy-zigitti-izdeude/

pixel