"Қара бүркіт" басшысының ұсталуына қатысты тың мәліметтер жария болды

Опубликовано:

Түрме1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қостанай облысының полиция департаменті УК-161/3 ("Қара бүркіт") төтенше қауіпсіздік мекемесі басшысының парамен ұсталғанына қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірлескен операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қостанай облысы ДП ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жүргізген.

"Қостанай облысындағы УК-161/3 ҚАЖД төтенше қауіпсіздік мекемесінің бастығы сотталғанға жалпы қамқорлық көрсеткені үшін пара алғаннан кейін ұсталды", – деп хабарлады облыстық полициядағылар.

Тергеу қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі "Пара алу" бойынша жүргізілуде.

Күдікті Қостанай уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қостанай облысы Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Жәнібек Қамзеновтің айтуынша, өз қатарларындағы заң бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп келеді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілуде.

Қарамағындағыларының заң бұзушылық әрекет жасауына жол берген басшылар жауапқа тартылады. Ағымдағы жылдың басында ішкі істер органдарының 21 қызметкері теріс себептермен, тағы 23-і қызметінен босатылды.

Еске салсақ, пара алды деп айыпталған генерал-майор Қайрат Көпбаевтың жары Гүлшат Көпбаева әділдік іздеп, биліктен араша сұраған еді.

Оған қоса, Аймағамбетов орынбасары миллиондаған ақша жымқырғанына байланысты тергеу жүріп жатқаны жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871569-kara-brkit-bassysyny-staluyna-katysty-ty-mlimetter-zaria-boldy/

jitsu gif