Тоқаев: Коронавирус пандемиясын жеңу үшін екі жыл қажет

Опубликовано:

Пандемия2
Коллаж: NUR.KZ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында пандемия кем дегенде екі жылға созылуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент ел халқын босаңсып кетпеуге шақырды.

"Біз азаматтардан ештеңе жасырған жоқпыз, өлім-жітім жайлы ашық жарияладық. Қанша ащы болса да, тек шындықты айтамыз. Босаңсудың қажеті жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, пандемияны жеңуге екі жыл қажет",- деді Тоқаев.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы басталды.

Ел президенті парламенттің алтыншы сессиясын ашық деп жариялады.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 6-шы шақырылымдағы парламенттің 6-шы сессиясын ашық деп жариялаймын", - деді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайтын бүгінгі жиынға Мәжілістің - 98 және Сенаттың 44 депутаты қатысып отыр.

Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, премьер-министр Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда қатысуда.

Сонымен қатар, Конституциялық кеңес пен жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ел президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары да отырысқа келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871946-tokaev-pandemiany-zeu-sin-eki-zyl-kazet/