Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялау туралы шешімімді айттым. Бұл өткен жолымызды зерделеуге жақсы мүмкіндік. Мерейтой саяси-экономикалық реформалар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің құқығын қорғау, экология мәселесін шешу аясында өтеді",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы барысында әлеуметтік кодексті құру қажеттілігі туралы, сондай-ақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жасалуы керек реформалар жайлы айтқан еді.

Оған қоса, ел президенті білім беру жүйесі туралы айтып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын ояту керегін жеткізген болатын.

Айтуынша, Қазақстан мектептерінде білім беру үдерісінің басым бағыттарының бірі жоғары оқу мәдениетін қалыптастыру және оқу сауаттылығын дамыту болуы тиіс.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында адам құқығын қорғаудың маңыздылығы туралы айтқан болатын.

Президент адам құқықтарын қорғау – бұл биліктің үнемі жұмыс істейтін күн тәртібіндегі қызметі екенін атап өтті. Бұл адам саудасына қарсы күреске де қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881038-prezident-2021-zyldy-tuelsizdikti-30-zyldygy-dep-zarialady/

pixel