Шетелде жалаңаш "Боратты" көрген қазақ студенті: Ештеңе істей алмадым (видео)
Жарияланған күні:
"Борат-2" фильмінің флешмобы әлем елдерін аралап кетті. Оны өз көзімен көрген Польшада оқитын қазақстандық студенті қолынан келер қайран болмағанына өкінді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Варшава қаласында оқитын Арлан есімді қазақ баласы көшеден атышулы фильмді жарнамалаған бір топ жалаңаш ер адамды көрген.
"Бір топ Борат кейпіндегі ер адам алаңмен жүріп өтті. Бәрі соларды телефон камерасына түсіріп жатты. Қолдан келер қайран жоқ. Флешмоб өткен алаң тәртіп сақшыларының бақылауында. Ештеңе істей алмағаным қылжылтады", - дейді ол.
Арлан сабағының күнде сол тақырыппен басталатынына үйреніп қалған.
"Сол рас па? Сондай салт-дәстүрлерің бар екен ғой?", - деп сұрайды менен топтағы студенттер. Мен қазір ашуланбайтын болдым", - дейді шетелдегі қазақ студенті.
Ол шетелдік студенттерге Қазақстан туралы көп естігенше, бір рет барып көруді ұсынады.
"Ең өкініштісі - олар (шетелдіктер) сол киноға сеніп жүр", - дейді Арлан.
Оның айтуынша, шетелдіктердің көбісі Қазақстанның дәл қай жерде орналасқанынан бейхабар. Себебі жастардың кітап оқуға, білім алуға, деректі фильм көруге зауқы жоқ.
Айта кетейік, "Борат" фильмнің тұсаукесері қарсаңында Австралияның Сидней қаласындағы жағажайлардың бірінде Бораттың мүсіні қойылып, Қазақстан туымен флешмоб ұйымдастырылған болатын.
Алайда бұл қазақстандықтардың жаппай наразалығын тудырып, тұрғындар әлеуметтік желілерде "Мен туымды мақтан етемін" атты флешмоб ұйымдастырған еді.
Сондай-ақ, осы фильмге қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қалай жауап бергенін бұдан бұрын жазған болатынбыз.
Ал америкалық жазушы Нассим Талеб "Боратты" тарихтағы ең нәсілшіл фильм деп атады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881690-setelde-zalaas-boratty-krgen-kazak-studenti-estee-istej-almadym-video/