Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғарғы сот төрағасы Тоқаевтың қабылдауында болды

Опубликовано:

Тоқаев Асанов
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президентіне сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізу барысы жайында мәлімет берілді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа судьяларды іріктеу жүйесін жақсартуға, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз етуге және сот ісін жүргізу сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар жөнінде айтылды.

Жақып Асанов биылғы жылы 30 қазан күні онлайн форматта өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының 15-ші кеңесінің қорытындылары туралы мәлімет берді.

Президент қылмыстық процесте айыптаушы мен қорғаушы тараптар арасында нақты жарыссөзді қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың, кәсіпкерлер мен инвесторлардың сотқа деген сенімін арттыру сот төрелігі жүйесінің басты басымдығы екенін ерекше атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы қазақстандықтарды денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауын орындауға шақырды.

Президент өзінің Twitter парақшасында коронавирусқа қатысты жағдай көптеген елде нашарлағанын жазды.

"Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883117-zogargy-sot-tragasy-tokaevty-kabyldauynda-boldy/

pixel