Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Садыр Жапаров Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы өкілеттігін тоқтатты

Опубликовано:

Садыр Жапаров трибунада
Садыр Жапаров. Фото: Abylai Saralayev\TASS via Getty Images

Садыр Жапаров Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы өкілеттігін тоқтатып, өз қызметін парламент төрағасына тапсырды. Саясаткер алдағы уақытта президент сайлауына қатыспақ.

Садыр Жапаров мемлекет басшысы міндетін атқарушы өкілеттігі мен премьер-министрдің қызметін тоқтатты деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Анықталғандай, президенттің жұмысын уақытша парламент төрағасы Талант Мамытов жүргізетін болады. Жапаров қырғыз халқына видеоүндеу жолдап, онда алдағы уақытта болатын президенттік сайлауға қатыспақ ниетте екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, ОСК мерзімнен бұрын өткізілетін сайлауды 10 қаңтарда беогілеп қойды.

"Осыған орай, мен ел президенті өкілеттігімді және премьер-министрдің қызметтік өкілеттігін тоқтатуды шештім. Мемлекетіміздің қатардағы азаматы секілді алдағы уақытта болатын президент сайлауына қатысамын" , - деді Жапаров.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы президентінің міндетін атқарушы, премьер-министр Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлескенін жазған болатынбыз.

Садыр Жапаров қазіргідей қиын кезеңде Қырғызстанға үнемі қолдау көрсетіп, көмек бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және жалпы қазақ халқына алғыс айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Өзбекстанның қырғыз еліне гуманитарлық және экономикалық көмек көрсететіні белгілі болды. Бұл туралы Тоқаев пен Мирзиёев телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884720-sadyr-zaparov-kyrgyzstan-prezidentini-mindetin-atkarusy-kilettigin-toktatty/

pixel