Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейдің бас полицейі Мақсат Зекенов қызметінен кетті

Опубликовано:

Мақсат Зекенов
Фото: express-k.kz

Мақсат Зекенов Семей қаласының полиция басқармасының бастығы қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін облыс әкімі Даниал Ахметов Семей полициясының басшысы қызметінен кететінін хабарлаған болатын.

Аймақтық ПД баспасөз қызметі Мақсат Зекеновтің жұмыстан шыққанын растап, оның себебі неде екеніне жауап берді.

"Мақсат Зекенов отбасы жағдайына байланысты өз еркімен қызметінен кету туралы рапорт берді", - деп атап өтті ведомство.

Олар ШҚО полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп адам құқығына қарсы іс-әрекет фактілері туралы жасырын өтініштерді зерделегенін атап өтті. Нәтижесінде дәлелдер расталмаған.

Естеріңізге сала кетсек, бүған дейін әлеуметтік желіде ШҚО-дағы екі жоғары лауазымды полицейдің үстінен жазылған арыз пайда болғаны тралы жазған едік.

Арызданушылар Семей полиция басқармасының бастығы Мақсат Зекенов өздерін бопсалады деп айыптаған.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов журналистердің осы мәселе бойынша қойған сауалына жауап берді.

"Facebook желісіндегі барлық фактіні сараптаймыз. Алдағы уақытта Семей қаласы полициясы бастығы мен басқарма бастығы қызметтен кетеді. Барлық сұрақтарды осылай қарастырамыз",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885764-semejdi-bas-policeji-kyzmetinen-ketip-tyndy/

pixel