Еліміздің 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Опубликовано:

Синоптиктер Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Ауа райын болжаушылар таратқан ақпаратқа сәйкес, 2 қараша күні Ақмола, Түркістан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.
Осындай жағдай Нұр-Сұлтан қаласында да орын алмақ. Мамандар ауа райы болжамының дәлдігі 85-90 пайызды құрайды деп отыр.
"Жамбыл облысында ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%, Түркістан облысында 90-95%, Батыс Қазақстанда 85-90%, Маңғыстауда 85-90%, Солтүстік Қазастанда 90-95% және Ақмола облысында 85-90%", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін синоптиктер алдағы қыс қандай болатынын хабарлады.
Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, 2020-2021 жылдардың қысы өткен жылғы қысқа ұқсас, яғни жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр.
Одан бөлек, ішкі істер министрлігі де жолдарда сақтық шараларын қабылдау қажеттілігі туралы ескертті.
Министрліктің хабарлауынша, жүргізушілердің жылдамдық режимін, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтамауы - қыс мезгілінде орын алатын жол-көлік оқиғаларының басты себептері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885862-elimizdi-6-oblysynda-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zarialandy/