RU

Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"БТА банктің" бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, "БТА Банкі" АҚ-ның директорлар Кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Қазіргі уақытта қылмыстық топ келтірген залалдың 6,3 млрд теңгесін қосымша өтеген.

Ведомство бұл қаражат - Мәскеу қаласындағы ірі бизнес-орталығының құрылысына салынған және Әблязовтің бақылауындағы оффшорлық компанияға қайтарымсыз несие беру арқылы жымқырылған БТА Банкіне тиесілі екенін атап өтті.

"Қазақстанға сот төрелігінен жасырынып жүрген тұлғаларды экстрадициялау және өз еркімен қайтару, басқа қылмыстық эпизодтар аясында келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстар жалғасуда", - деді ведомство.

Еске сала кетсек, жақында Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҰҚК-мен бірлесе отырып, басқарманың бұрынғы мүшесі - "БТА Банкі" АҚ бұрынғы басқарма мүшесі – Басқарушы директоры Асылмұрат Рамазановты Грузиядан экстрадициялаған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін біз БТА Банкінің қаражатын Әблязов қайда жұмсағанын жазған едік. Тергеу нәтижелері бойынша Мұхтар Әблязов БТА банктің ақшасына сатып алды делінген ұшақтар қайда кеткені белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886497-mhtar-blazovti-sybajlasy-kazakstanga-63-mlrd-tege-kajtardy/