Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңа жыл қарсаңында кафелер мен мейрамханалар жабыла ма

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті желтоқсан айында қаладағы қоғамдық тамақтану орындарының жабылуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оңтүстік астанадағы кафелер мен мейрамханалар желтоқсан айында COVID-19-дың таралу қаупіне байланысты жабылуы мүмкін деген қауесет тараған болатын.

Бұл ақпаратты қаланың санитарлық дәрігерлері жоққа шығарды.

"Желтоқсан айында қоғамдық тамақтандыру орындарын жабу туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ", - дейді департамент басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов NUR.KZ тілшісіне.

Оның айтуынша, барлығы эпидемиялогиялық жағдайға байланысты болмақ.

"Тіпті вирус жұқтыру жағдайы көп тіркелген өңірлерді алып қарасақ, онда шектеу шаралары уақытында енгізілген. Жалпы бұл (қоғамдық тамақтану орындарын жабу - ред.) сұрақ талқыланбады және қарастырылмады. Егер вирус жұқтыру жағдайлары көп тіркеліп жатса, сәйкесінше, санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаңдату жайлы мәселелер уақытында қаралатын болады", - дейді Байғабылов.

Еске сала кетейік, WhatsApp мессенджерінде алдағы уақытта Қазақстанның аумағында екі апталық локдаун енгізілетіні туралы хабарлама таралған еді. Онда, тіпті азық-түлік дүкендері де жабылып, дәріханалар ғана бұрынғы режимде жұмыс істейтіні айтылған.

Осы орайда Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполисте қатаң локдаун енгізіледі деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887715-almatyda-zaa-zyl-karsaynda-kafeler-men-mejramhanalar-zabyla-ma/

pixel