jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Коронавирустың жаңа штаммы қалай пайда болған

Коронавирус
Көрнекі фото: Leon Neal/Getty Images

Коронавирустың жаңа штаммы өте жылдам таралуына байланысты Ұлыбританияда шектеу шаралары күшейтілді. Мутацияға ұшыраған вирустың өз аумағында таралмас үшін көптеген мемлекеттер Англиямен әуе байланысын да тоқтатты деп хабарлайды ВВС.

Ұлыбритаияда қыркүйек айында коронавирустың жаңа штаммы анықталды. Үш ай өткеннен кейін Лондондағы эпидемиологиялық ахуал вирустың мутацияға ұшырағанын көрсетті.

Елдің премьер-министрі Борис Джонсон мутацияланған вирустың 70%-ға тез тарайтынын айтты. Алайда ғалымдар жаңа штаммның бұрынғыға қарағанда қаншалықты қауіпті екенін нақты санмен көрсете алмай отыр.

Басылымның жазуынша, мутацияланған вирус Ұлыбританиядағы науқаста пайда болған немесе вирустың өзгеруін бақылау мүмкіндігі төмен елден келген.

Дүние жүзіндегі вирус үлгілерінің генетикалық кодтарын бақылайтын Nextstrain компаниясының деректеріне сүйенсек, Дания мен Австралиядағы жағдайлар жаңа штаммға байланысты болған. Сонымен қатар Нидерланды да жаңа штаммдардың табылғанын хабарлаған.

Алғаш рет Қытайдың Ухань қаласында анықталған вирустың бүгінде әлемде кеңінен таралған вирустан өзгеше екендігі айтылып келеді.

D614G мутациясы ақпан айында Еуропада пайда болып, ғаламда кең таралған вирустың түріне айналды.

A222V деген атау берілген тағы бір штамм кейінірек Еуропада таралып, оның таралуы Испаниядағы жазға демалыстармен байланыстырылған болатын.

Ғалымдардың мәліметінше, мутацияның пайда болуына иммундық жүйесі әлсіреген, вирусты жеңе алмайтын науқаста штамм туындауы себеп болуы мүмкін.

Ғалымдар қазір өндіріліп жатқан вакцина вирустың бірнеше түріне төтеп бере алатынын айтуда. Яғни вирус мутацияланса да, вакциналар жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкок елде таралып жатқан коронавирустың жаңа штаммына қатысты жағдай бақылаудан шыққанын мәлімдеді.

Коронавирустың жаңа штаммы қалай пайда болған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.