Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

GGG Шереметаны жеңгені үшін қанша ақша алуы мүмкін

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: Gettty Images/ Sarah Stier / Stringer

Поляк боксшысы Камил Шереметаны жеңгені үшін қазақстандық чемпион Геннадий Головкинге берілетін сыйақының ықтимал мөлшері белгілі болды.

Boxingscene танымал бокс порталы Шереметаға қарсы жекпе-жек өткізген GGG 7 млн доллар (2,93 млрд теңге) алуы мүмкін екенін жазды. Басылымда салыстыру үшін түрлі ақпарат келтірілген.

Мәселен, "Канелоға" Смитті ұтқаны үшін 20 млн доллар (8, 37 млрд теңге) берілмек. Материалда Головкинннің Шереметаға қарсы кездесуі өте төмен деңгейде және көрерменсіз өткені айтылады. Ал Альварес жекпе-жегінің жарнамасы Батыста өте ауқымды болған және ол жанкүйерлері бар залда (карантин шараларына байланысты олардың саны шектелді) өнер көрсеткен.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар Альварестің жекпе-жегіне дейін және кейін мексикалық музыканттардың қатысуымен шоу ұйымдастырды.

Еске салсақ, 19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты.

Орта салмақта қазақстандық спортшыға тиесілі IBF және IBO әлемдік титулдары сарапқа салынды. Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталып, жекпе-жек соңында қазақстандық боксшы маңызды мәлімдеме жасады.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми аккаунтында Геннадий Головкинге арналған жазбасын жариялады. Мемлекет басшысы боксшыны кезекті жеңісімен құттықтады.

Сонымен қатар, Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890448-ggg-seremetany-zegeni-sin-kansa-aksa-aluy-mmkin/

pixel