Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кенияның оңтүстік-шығысынан COVID-19-дың жаңа 16 штамы анықталды

Опубликовано:

тәжвирус
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Кенияның оңтүстік-шығысынан коронавирус инфекциясының жаңа 16 штамы анықталды деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы осы елдің Медициналық зерттеулер институтының мамандары мәлімдеген.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған мутация түрлерін зерттеуге шұғыл кіріскен. Ғалымдар әсіресе 4 штамның аса белсенді екенін айтады.

Оның үстіне жаңа мутациялық өзгерістерді зертханада анықтау қиын, себебі олар аурудың бастапқы кезеңінде байқала қоймайды.

Әрі кениялық штамдар "британиялық" түрге мүлдем ұқсамайтын көрінеді.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясының екінші жылы біріншісіне қарағанда ауыр болуы мүмкін екенін жеткізген еді.

Халықаралық ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Майкл Райанның пікірінше, ауру жұқтыру дерегі бойынша соңғы екі аптаның статистикасы рекордтық көрсеткішке жеткен.

Айта кетейік, соңғы аптаның өзінде әлемде 5 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырса, 85 мыңнан астамы осы дерттен қайтыс болды.

Инфекция анықталғандардың басым бөлігі Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Еуропа елдерінің тұрғындары екен.

Ал елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 834 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 165 311-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893843-keniany-otstik-sygysynan-covid-19-dy-zaa-16-stamy-anyktaldy/

pixel