Алматыда "L-Капитал" компаниясының негізін қалаушы ұсталды
Опубликовано:

Алматы полицейлері "L-Капитал" компаниясының негізін қалаушыны ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полиция департаменті тергеу басқармасының мәліметі бойынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1962 жылы туған азаматша ұсталған.
Ол Қылмыстық-кодекстің 128-бабына сәйкес полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Аталған компанияның салымшыларының ұжымдық мәлімдемелеріне сәйкес, Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын бұрын хабарлаған едік. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.
Компанияның кеңселерінде тінтулер жүргізілді. Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттерінің кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған", – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысының полицейлері онлайн-алаяқтықпен айналысып, азаматтарға өз табысын арттыруды ұсынған екі күдіктіні ұстағанын жазған болатынбыз.
Қазіргі уақытта күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899167-almatyda-l-kapital-kompaniyasynyn-negizin-qalausy-ustaldy/