Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавируспен ауырғаннан кейін денсаулығы нашарлағандарға тегін дәрі беріле ме

Опубликовано:

Дәрі
Көрнекі фото: pixabay.com

Коронавируспен ауырған науқастарда уақыт өте келе қосымша аурулары пайда болса, оларға тегін дәрі беріледі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есеп беру кездесуінде айтылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қала тұрғыны отбасында үш адамның коронавирустан кейін жүрегі, бауыры ауыратынын айтып, тегін медициналық қызмет пен дәрі-дәрмек жайын сұрады.

Сауалға Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жауап берді.

"Коронавирустан кейін тұрғынның жүрегі ауыратындықтан кардиологтар оны тізімге алса, тегін дәрі беріледі. Егер диагнозы дәлелденбей, ауруына қатысты шағымы болмаса, жалпы негізде қаралады", – деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, науқастарды тізімге қосу мәселесімен жергілікті учаскелік дәрігер айналысады.

Еске сала кетсек, қала тұрғындарына есеп берен Бақытжан Сағынтаев шаһардағы экологияны жақсарту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Оның сөзінше, ЖЭО-2-ні газға ауыстыру туралы шешім қабылданған. Биыл жобалық құжаттар дайын болады. Жыл сайын екі қазандықтан газға ауыстырып, 2025 жылдың соңына қарай ЖЭО-2-ні газға ауыстыруды толық аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар ол Алтын Орда базары маңындағы салынып жатқан жолайрық туралы да айтты. Әкімнің сөзінше, ол қалаға тиесілі жер емес. Өзі де жолдың тез арада салынып бітеуін күтіп жүр екен.

Сондай-ақ Сағынтаев ҚазҰУ жерлері сатылып жекеменшікке өтіп кеткен деген қауесетке де жауап берген болатын. Оның айтуынша, университеттің жерін ешкім жекеменшікке бергелі жатқан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899483-koronaviruspen-auyrgannan-keiin-densaulygy-nasarlagandarga-tegin-dari-berile-me/

pixel