Нұр-Сұлтан әуежайы жұмысын қайта бастады
Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласында қолайсыз ауа райына байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында ұшақтардың ұшып-қонуы қайта жанданды деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
Бұл туралы әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов жеткізді.
Оның сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы жұмысын қайта бастаған.
"Ұшу-қону жолағы ашылды, дегенмен сегіз рейс уақытша тоқтатылған. Ақпаратты алдын ала колл-орталықтардан, әуежайдың анықтама орталығынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады", - деді Анвар Шалекенов.
Еске сала кетсек, кеше Әнуар Шалекенов елорда әуежайы ұшу-қону жолағын қардан тазалау үшін түнгі сағат 00:00-ге дейін жабық болатындығын және мұның барлығы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалып отырғандығын хабарлаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904468-nur-sultan-auezaiy-zumysyn-qaita-bastady/