Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алексей Цой президенттің не себепті "Спутник V" вакцинасын салдырғанын түсіндірді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың не себепті коронавирусқа қарсы ресейлік препаратты салдырғанын түсіндірді деп хабарлайды Хабар 24.

Еске сала кетсек, осы жылдың қаңтар айында мемлекет басшысы Қазақстанда жасалған вакцинаны салдыратынын мәлімдеген еді.

"Отандық вакцинаны сынау оң нәтижесін береді деп үміттенеміз. Жақсы нәтижелер көрсетсе, мен дәл осы қазақстандық вакцинаны салдырамын", – деген болатын президент.

Ал 6 сәуір күні оның баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын хабарлады. Мемлекет басшысына Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілген "Спутник V" препараты егілген.

Осы ретте денсаулық сақтау министрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың не себепті "Спутник V"вакцинасын салдырғанын түсіндіріп берді.

"Спутник V" - бұл да қазақстандық вакцина. Ол Қазақстанда жасалған. Иә, негізі Ресейдікі, бірақ ол Қазақстанда өндірілген. Барлық жерде, қорабында да, зауыттың өзінде де бұл вакцинаның Қазақстанда өндірілгені жазылады", - дейді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906792-aleksei-coi-prezidenttin-ne-sebepti-sputnik-v-vakcinasyn-saldyrganyn-tusindirdi/

pixel