Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы соттан өзін қамаудан босатуды сұрады

Опубликовано:

Берік Шәріп
Берік Шәріп. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Нұр-Сұлтанда қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталып жатқан "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысына қатысты ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алдын ала тыңдауда Берік Шәріптің адвокаттары оны қамаудан босатуды немесе бұлтартпау шарасын жеңілдетуді сұраған.

Ал Берік Шәріптің өзі тергеуге жан-жақты көмектескенін және өзінің кінәсіз екеніне сенімді болғандықтан жасырынуға тырыспағанын мәлімдеген.

Осы себепті ол өзін қамаудан босатуға және ешқандай санкциясыз сот шешімін күту туралы өтінішін жеткізген.

Алайда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық №2 соты "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысының өтінішін қанағаттандырмаған.

"Шәріп 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған ауыр қылмыс жасады деп күдіктелуде.

Бұлтартпау шарасын таңдау кезінде қылмыстық іс жүргізу кодексінің 136 және 147 баптарының нормаларының талаптары ескерілді, қамауда ұстау мерзімі аяқталмады. Осыған байланысты қазіргі кезеңде бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз жоқ", – дейді судья Қанат Дүйсембиев.

Берік Шәріп сот алдында 26 сәуірде жауап береді. Сот отырысы 10.00-де басталады.

Еске салсақ, "СҚ-Фармация" компаниясының бұрынғы төрағасы былтыр тамыз айында тұтқындалған болатын.

Таяуда Сыбайлас жемқоролыққа қарсы қызмет тергеушісі Данияр Биғайдаров Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909063-sq-farmaciyanyn-buryngy-bassysy-sottan-ony-qamaudan-bosatudy-surady/

pixel