Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 8 әуе компаниясының қызметі тоқтатылды

Опубликовано:

Түркия мен әуе байланысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда 8 әуе компаниясының қызметі тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасындағы мәліметке сәйкес, авиациялық әкімшілік 2020 жылы ұшу және әуе қауіпсіздігі саласында келесі іс-шараларды атқарды:

  • 65 инспекциялық тексеріс;
  • 9 әуе компаниясын сертификаттау;
  • аэронавигация саласында 17 аудит;
  • 31 әуе айлақты сертификаттау;
  • әуе айлақтарына 19 инспекциялық тексеріс.

"Тексеру нәтижелері бойынша ұшу қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтамаған 8 әуе компанияның, соның ішінде "Бек Эйр" компаниясының қызметі тоқтатылды", – делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салсақ, биыл 16 сәуірде сағат 20:45 шамасында Балқаш қаласының оқу-авиациялық орталығында оқу-жаттығу ұшуларын жүргізу кезінде қонуға бет алған уақытта СУ-30СМ көпфункционалды жойғыш ұшақ апатқа ұшыраған болатын.

Ұшақ экипажы мен ұшқыштар аман, медицина қызметкерлерінің қарауында екенін хабарлаған едік.

Оған қоса, әлеуметтік желіде FlyArystan әуежайының Түркістан-Алматы рейсіне 30 адам кіре алмай қалғаны туралы жазба пайда болған еді.

Жолаушылар тіркеу 20 минутқа ерте жабылды деп мәлімдейді. FlyArystan аталған шағымға жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909477-qazaqstanda-8-aue-kompaniyasynyn-qyzmeti-toqtatyldy/

pixel