jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстан-Ресей шекарасында 750-ден астам көлік тұрып қалды: ҰҚК түсініктеме берді (фото)

Шекара
Фото: ҰҚК Шекара қызметі

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасында көлік құралдарының жиналып қалуына байланысты ресми Instagram-парақшасына жазба жариялап, жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасында (Батыс Қазақстан облысы) орналасқан "Сырым" өткізу пунктіне жақын жерде Қазақстаннан шығуға 350-ден астам автомашина көлемінде жүк көлік құралдарының жиналғаны байқалатынын хабарлайды.

Қалыптасқан жағдай шектес мемлекеттің бақылау шараларын күшейтуімен байланысты (тасымалдауға тыйым салынған заттар мен материалдарды анықтау үшін "технологиялық өтуді" міндетті түрде ұсынуды талап ету) болып отыр.

Ресейден Қазақстанға келе жатқан "Маштаков" Ресейдің іргелес өткізу пункті (400-ден астам автомашина) ауданында да осындай жағдай қалыптасты.

"Жүк көліктерінің жүргізушілерін, әсіресе тез бұзылатын өнімді тасымалдаушыларды аталған өткізу пункттері арқылы маршруттарды жоспарлау кезінде осы мән-жайларды ескеруін сұраймыз", - дейді ҰҚК Шекара қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Арбатта қыдыруға тыйым салынғаны туралы жазған едік. Оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бұрынғы қаулыға өзгеріс енгізді.

Одан бөлек, синоптиктер 24 сәуірге ауа райы болжамын ұсынғанын жазған болатынбыз. Болжамға сәйкес, еліміздің бірқатар өңірінде найзағай мен тұман болады деп күтіледі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.