RU

"Іш киіміне жасырған": Қамаудағы ұлына телефон жеткізу үшін ерсі әрекетке барған әйел ұятқа қалды

Фото
Фото: polisia.kz

Ақтөбе тұрғыны ұялы телефонды іш киіміне жасырып, қамауда отырған ұлына жеткізбек болды деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның сәлемдемесі аса көп мөлшерде есірткі қолданғаны үшін қолға түскен 32 жастағы ұлына арналған.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқау жүйесі департаментінің тергеу изоляторының қызметкерлері азаматшаның құқық бұзушылығын уақытында байқап, металл іздегіш арқылы ұялы телефон, зарядтау құрылғысы мен сим-картаны тауып алған.

"Мекеме әкімшілігі мекемеге келушілерге тыйым салынған заттарды алып кіргені үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертіп жатыр. Алайда, оған қарамастан, сотталғандар мен тергеу-қамауға алынған азаматтардың туыстары пенитенциарлық мекеменің заңды талаптарын бұзуды жалғастыруда", – деді КА-168/1 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Аршат Бурабаев.

Жазбаша түсініктемесінде азаматтың кінәсін толық мойындағаны белгілі болды.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материалдар қаланың мамандандырылған әкімшілік сотына жолданған.

Сонымен қатар, әйел бір жыл бойы ұлына барып, кездесу мүмкіндігінен айырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913577-is-kiimine-zasyrgan-qamaudagy-ulyna-telefon-zetkizu-usin-ersi-areketke-bargan-aiel-uyatqa-qaldy/