RU

Тауға туристік сапармен шыққанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек

тау78
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі таулы аймақтарға туристік сапармен шыққан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

- Нашар көрінгенде (тұман) немесе тәуліктің қараңғы уақытында жүрмеу керек. Маршрутқа барар алдында ауа райы болжамын қараңыз;

- Таулы жерлерге бармас бұрын ауа райы жағдайы мен кедергілерді, ықтимал қауіптерді ескеру керек. Егер ауа райы нашарласа, жоғары емес, төмен түсіңіз;

- Таулы маршруттарда жолды мұқият қадағалаңыз және аяғыңыздың астына, әсіресе жаңбырдан кейін мұқият қарап жүріңіз;

- Жарақат алып қалмас үшін тік беткейлерге көтерілмеңіз;

- Дененің қызып кетуіне, гипотермияға жол бермеңіз;

- Егер сіз балаларды өзіңізбен бірге тауға алып барсаңыз, олар үшін жауапкершілікті ұмытпаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз;

- Өзіңізбен бірге жеткілікті мөлшерде су және компас алыңыз;

- Егер сіз топпен немесе достарыңызбен саяхаттасаңыз олармен бірге болғаныңыз жөн. Міндетті түрде өзіңізбен бірге қажетті дәрі қоры бар медициналық қобдишаны алып жүріңіз. Қозғалыс қарқыны топтағы ең әлсізімен анықталады.

- Егер тауға бейтаныс маршрут бойынша алғаш рет шығып отырсаңыз онда бұған дейін осы маршрут арқылы жүрген адамды табуға тырысыңыз немесе осы маршрут туралы алдын-ала мәліметтерді біліп алған жөн. Ешқашан бейтаныс маршрут бойынша тауға жолсеріксіз шықпаңыз;

- Тауларда адасып, қауіпті жабайы жануарларға кезігіп, жартастан құлап кетуге болады. Қыста тауларда қар көшкіні жүріп, жазда тастар құлауы мүмкін.

- Егер сіз тауға бірнеше күнге баратын болсаңыз, онда өзіңіздің ұялы телефон нөмірлеріңізді тәулік бойы жұмыс істейтін ҚР ТЖМ бөлімшелеріне 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Еске сала кетсек, бүгін Алматы облысында орналасқан Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам мерт болды, тағы алты адам зардап шегіп және тағы бірін іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен 7 жігіттің екеуінің денесі табылды, үшеуі аман-есен жақындарымен қауышса, тағы екеуін іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915086-tauga-turistik-saparmen-syqqanda-qandai-qauipsizdik-erezelerin-saqtau-kerek/