Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Терезесіне ту ілген елордалықтар елді елең еткізді (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік Рәміздер күні атап өтілуде. Осыған орай, қазақстандықтар әлеуметтік желіде көк тумен түскен суреттерін жарыса жариялап, атаулы күнмен құттықтауда. Рәміздер күнін ерекше тойлаудан елордалықтар да қалыс қалмауда. Олар көк туды терезесіне іліп, ұлттық рәміздерге деген құрметін көрсетуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының орталығында орналасқан "Гранд Астана" тұрғын-үй кешенінің терезелеріне көк туымыз ілгенін алыстан-ақ байқауға болады.

Тұрғындар мемлекеттік рәміздер күнін ұмытпай, көк байраққа деген құрметін осылай көрсеткендерге риза.

"Бұл үйдің тұрғыны емеспін. Бірақ қызымды таңертең балабақшаға апара жатқан кезде туды көріп, қатты қуандым. Туды терезеге ілудің еш әбестігі жоқ деп ойлаймын. Бастысы қоқыста жатпаса болды", - дейді қала тұрғындарының бірі.

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

Тағы бір елордалық тұрғын көк байрақты Борат сияқтылар мазаққа айналдырғанша, осылай әр қазақстандықтың үйінің төрінен табылғаны дұрыс дейді.

"Ұлттық рәміздер күніне орай, осындай әдемі көріністі көріп, көңіліміз жылып қалды. Туымыз қайдағы "Борат" және басқалар мазақ қылатын дүниеге айналмай, әрдайым тәуелсіз ел аспанында, мәртебесі биік болып, көкке көтеріле берсе басқа арман жоқ, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - дейді ол.

Еске сала кетсек, 2020 жылы қазақстандықтарға мемлекеттік туды ғимараттарда (тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда), ғимарат ішіндегі пәтер балкондарында және мерекелік іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануға ресми түрде рұқсат берілген болатын.

Бұл ретте тұрғындар өз пәтерінің балконына ұлттық стандартқа сай тігілген туды ғана іле алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916071-turgyn-ui-terezelerine-tu-ilgen-elordalyqtar-eldi-elen-etkizdi-foto/