Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жас жігіт тойда оқ жаудырды (видео)

Опубликовано:

Той
Кадр: Әлеуметтік желілер

Алматы облысында тойға келген жас жігіт қарудан бірнеше рет оқ атқан. Бұл оқиғаға Алматы облысының полиция департаменті түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тойдың видеосы әлеуметтік желілерде және WhatsApp-та тарап кеткен. Кадрлардан той қонағы жас жұбайларға тост айтып жатқан сәтте жас жігіт залдың ортасына бет алып, бірнеше рет төбеге тапаншамен оқ атқанын байқауға болады. Тәртіп сақшылары видеодағы жайт Талғар ауданында болғанын анықтаған. Алматы облысының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Мереке кезінде оқ атқан адам 26 жастағы Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды. Тост кезіндегі атыс сигнал тапаншасынан жарық-шуыл оқтарымен жасалған. Бүгінде ұсталған азамат әкімшілік кодекстің 436 бабы 1-бөлігі (газ, пневматикалық, лақтырғыш және электрлік қарулар, пиротехникалық бұйымдарды елдімекендерде қолдану) бойынша әкімшілік жауапқа тартылуда. Сигнал тапанша тәркіленді, сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тапанша
Фото: ПД

Сонымен қатар тәртіп сақшылары салтанатты шараның ұйымдастырушысы мен мейрамхана әкімшілігін тексеріп, жауапкершілікке тартуға ниетті екендігін нақтылады.

Сол арада полицияның қолына түскен жас жігіттің бейнежазба жариялап, онда өзінің әрекеті үшін көпшілік алдында кешірім сұрағаны белгілі болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916333-almaty-oblysynda-zas-zigit-uilenu-toiynda-oq-zaudyrdy-video/

pixel