Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда телефон мен SIM-карталарды жыныс мүшесіне жасырған әйел түрмеге кірмек болды

Опубликовано:

Телефон, SIM-карталар, USB сым
Фото: instagram.com/duis_pavlodar

Павлодар қаласының тұрғыны колонияға телефон, сим-карталар мен USB-сымдарды интимді жерінде жасырып, алып кірмек болған деп хабарлайды Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасы.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде айтылғандай, 30 жастағы павлодарлық әйел адам кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан күйеуімен кездесуге келген. Әйелді тексеріп қарау кезінде металл іздегіш сигналы белгі берген.

"Мекеменің әскери қызметкерлері мен әйел қызметкерлері әйелді мұқият тексергеннен кейін одан контрацепция құралында жасырылған тыйым салынған заттар бар екені анықталды. Ондағы заттарды тексерген кезде ұялы телефон, 7 сим-карта және USB сымы табылды", – деп хабарлады департаментте.

Pavlodarnews басылымы нақтылағандай, қалалық тұрғын мүшеқапқа салынған телефонды және басқа тыйым салынған заттарды жыныс мүшелеріне жасыруға тырысқан.

Әкімшілік кодекстің 481-бабы "Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру" бойынша қала тұрғынына қатысты хаттама жасалды. Жазаны сот анықтайды.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде хабарланғандай, мұндай бұзушылыққа жол берген адам сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жылға ұзақ кездесу құқығынан айырылады.

Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысында жеке кәсіпкерлік жүргізушісі 8 телефонды түрмеге алып өтіп, сатпақ болғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918080-pavlodar-turgyny-telefon-zane-sim-kartalardy-zynys-musesine-zasyryp-koloniyaga-otkizbek-bolgan-foto/

pixel