Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ахметжанов: Халыққа пара беру арқылы өз мәселесін тез әрі жеңіл шешкен ыңғайлы

Опубликовано:

Фото
Марат Ахметжанов. Фото: inbusiness.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов халыққа өз мәселесін пара беру арқылы тез әрі жеңіл шешкен ыңғайлы екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Марат Ахметжанов ведомствоның бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында мәлімдеді.

Ол барлық сыбайлас жемқорлық қылмыстарының үштен бірін құрайтын пара берушілер санының төмендемей отырғанына алаңдаушылық білдірді.

Агенттік төрағасының пікірінше, халыққа пара беріп, өз мәселесін тез әрі жеңіл шешкен ыңғайлы. Адамдар заңсыз артықшылық немесе пайда алу, бюрократиялық кедергілерді айналып өту үшін пара беруге мәжбүр.

Агенттік төрағасының пікірінше, бұл ішінара азаматтардың менталитетіне байланысты.

Кейбір адамдар үшін мәселені парамен шешу өмір сүру нормасына айналған. Өкінішке орай, "қол ақысын беру", "сый-сияпат беру" секілді жағымсыз әдеттер халықтың бойына сіңіп кеткен.

"Яғни, адамдар шенеуніктердің пара алуына саналы түрде барады", - деді ол.

Бұл жағдайда пара беруші адамдар да қылмысқа қатысушы болатынын және тиісті жауапкершілікке тартылатынын түсінуі тиіс екенін айтқан Марат Ахметжанов "Цифрландыру, құқықтық құралдар мен бюрократиялық кедергілерді жою, жұмысты ашық және айқын ету – жемқорлықты жоюға ықпал етеді. Сонда ғана халық Агенттікке жүгініп, көмек сұрайды", - деп қорытындылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921645-axmetzanov-xalyqqa-para-beru-arqyly-oz-maselesin-tez-ari-zenil-sesken-yngaily/

pixel