jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Көлсайда балаларымен бірге серуендеп жүрген ілбіс фототұзаққа түсіп қалды (видео)

Ілбіс
Скриншот: видеодан алынды

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, «Көлсай көлдері» ұлттық паркіндегі фототұзаққа тағы да қар барысы түскен.

Видеодан екі күшігімен бірге серуендеп жүрген ілбістің аналығын көруге болады. Бұған дейін де саябақта орналасқан фототұзақ «Қызыл кітапқа» енген жыртқышты бірнеше рет тіркеген еді.

Парк аумағында тек 16 қар барысы бар. Жануарлардың саны тұрақты сақталып тұр.

Естеріңізге сала кетейік, қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Біздің елде 120-130 қар барысы мекендейді, әлемде 7 мыңнан аспайды.

Бұған дейін Жамбыл облысында қар барысы "жанұясымен" бірге фототұзаққа түсіп қалған.

Бұдан бөлек, "Бурабай" ұлттық паркінде биыл ақпан айында Аскания бұғылары фототұзаққа түсіп қалған еді. Аскания бұғысы – бұл Украинаның Аскания-Нова қорығындағы қызыл бұғының әртүрінен будандастыру арқылы алынған бұғының бір түрі.

Бұл бұғылар Қазақстанға 1983 жылы әкелінген.

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Аскания бұғысының 1300-ден астам дарағы мекендейді.

Сонымен бірге, Маңғыстау облысындағы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында барыс фототұзаққа түсіп қалған болатын.

Көлсайда балаларымен бірге серуендеп жүрген ілбіс фототұзаққа түсіп қалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.