Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әкімдігі ауған босқындарын қабылдауға дайындық туралы ақпаратқа жауап берді

Опубликовано:

Фото
Фото: vera.kz

Шымкент қаласының әкімдігі БАҚ беттерінде жарияланған Ауғанстаннан келген босқындарды қабылдау үшін мегаполисте орын дайындалып жатыр деген ақпаратқа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мұндай ақпарат Vera.kz порталында жарияланған. Материалда Шымкентте ауғанстандық босқындарды қабылдауға дайындық жүрізіліп жатқаны, оларды екі ғимаратқа орналастыру жоспарланып отырғаны көрсетілген.

"Олардың бірінде (бұрынғы студенттік жатақхана) бірнеше жыл бойы Шымкентке келген оралмандарды орналастырған. Екінші ғимарат Тоғыс елдімекеніндегі №120 мектепте, онда бұрын домбыра, фортепиано, қобызда ойнауды үйренгісі келетіндер үшін эстетикалық мектеп болған. Екі ғимаратта да 300 жатын орыннан дайындалуда", - делінген материалда.

Осы ретте Шымкент қаласының әкімдігі ақпаратқа жауап берді. Ведомствоның баспасөз қызметі ауғанстандық босқындарды қабылдау туралы мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Тоғыс елдімекеніндегі №120 мектепте жаңа оқу жылына дайындық бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде", - деді Шымкент әкімдігі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі кеше Қазақстан ауған босқындарын қабылдауға дайындалып жатыр, тіпті осыған орай лагерь құрды деген ақпараттың жалған екенін айтқан болатын.

Одан бөлек, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ауғанстаннан 70 мың босқынның келгені туралы хабарлама тарады. Олардың кейбіреулері Шымкентте орналастырылады делінген хабарламада. Алайда сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

Айта кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927564-symkent-akimdigi-augan-bosqyndaryn-qabyldauga-daiyndyq-turaly-aqparatqa-zauap-berdi/

pixel