Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің мектептерінде оқушылар алты күн оқуы мүмкін бе

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі фото: pexels.com

Білім және ғылым вице-министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ел мектептерінде алты күндік кезең енгізілуі мүмкін екендігі туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұған дейін оқушылардың көпшілігі бес күн оқып, сенбі мен жексенбіде демалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері балалардың сенбі күні оқитыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.

Ақпаратқа сәйкес, мұндай кесте оқушылардың ұмытқанын еске түсіріп, орнын толтыру үшін қажет көрінеді.

"Ел мектептерінде бес күндік білім беру форматы 2017 жылдан бастап енгізіле бастады. Бірақ бізде балалар карантинге дейін бес күн және алты күн оқыған мектептер бар, әр мектеп бұл мәселені өз бетінше шешеді.
Білім және ғылым министрлігі барлық мектептерге бес күндік кестені сақтауды ұсынады. Бірақ елде білім беру үш ауысымда жүргізілетін мектептер бар, кей мектептерде балалар толы болғандықтан, онда алты күндік форматқа ауысуға болады. Бірақ негізгі принцип – бес күндік кестені сақтау", – деді вице-министр.

Еске сала кетейік, жаңа оқу жылында алматылық мектептер алты күндік оқыту форматына өтетіні туралы жазған едік. Одан бөлек, оңтүстік астана билігі қаладағы мектептерде дезинфекциялық құралдар мен антисептиктер жеткілікті екенін мәлімдеді.

Оған қоса, Алматы қаласы білім басқармасының жетекшісі Ләззат Жылқыбаева оқушылар сабақта маскамен отыратынын айтты.

Басқарма басшысының сөзінше, балалар сабақ кезінде маска тағады. Ал асхана мен дене шынықтыру сабағында оқушылардың маска тақпауына рұқсат. Дене шынықтыру сабақтары далада өткізіледі деп күтілуде, осылайша оқушылар арасындағы әлеуметтік арақашықтық сақталады.

Ал асханада барлық санитарлық норма сақталатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929312-elimizdin-mektepterinde-oqusylar-alty-kun-oquy-mumkin-be/

pixel