Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биткоин Сальвадорда ресми валюта болды

Опубликовано:

Биткоин
Көрнекі фото: pexels.com

Сальвадор криптовалютаны мойындаған әлемдегі бірінші ел болды. Онда биткоин – ресми төлем құралы ретінде танылды. Бұдан былай барлық кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтер үшін доллармен қатар, криптовалютаны да қабылдауға міндетті деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Криптовалютаны заңдастыру бастамасын көтерген Сальвадор президенті Найиб Букеленің айтуынша, бұл шара экономикалық өсуді ынталандыруы тиіс.

Сонымен қатар, бұл шетелдегі сальвадорлықтарға елге қиындықсыз аз комиссиямен ақша аударуға мүмкіндік бермек.

Букеленің сөзінше, қазірдің өзінде елдің елу мыңға жуық тұрғыны биткоинді қолданады.

Айта кетейік, бұған дейін Сальвадор билігі 21 миллион долларға тең 400 биткоин сатып алған еді. Жақында билік тағы да көп мөлшерде криптовалютаны сатып алуды жоспарлап отыр.

Дегенмен биліктің бұл шешіміне наразы адамдар да табылды. Олар ел астанасы Сан-Сальвадор көшелеріне шығып, биткоиннің ресми төлем құралы ретінде танылуына қарсы шықты.

Наразы тұрғындар бұл экономикаға тек кедергі келтіреді деп санайды. Өйткені криптовалюта тұрақсыз. Ол құнсызданған жағдайда азаматтар ақшасын қайтара алмайды.

Ал оппозиция президент пен оның айналасындағылар биткоинді өздерін байыту үшін ғана заңдастырды деп санайды. Жаңа заң елдегі доллар тапшылығына байланысты қабылданды деген қауіп те бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931053-bitkoin-salvadorda-resmi-valyutasy-atandy/

pixel