jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Канье Уэст Алматыға келді (видео)

    Канье Уэст Алматыға келді
    Канье Уэст Алматыға келді. Видеодан кадр: instagram.com/ztb_kz

    Канье Уэст деген атпен танымал америкалық рэпер YE Қазақстанға келді. Әлеуметтік желіде оны Алматы әуежайында қарсы алу сәтінен видео тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ztb_kz желілік басылымы америкалық рэпердің Қазақстанға келгенін хабарлап, видео жариялады.

    "Әуежайда музыкантты қазақтың салтымен – ұлттық бимен, ұлттық дәммен және ыстық ықыласпен қарсы алды. Әртіске еліміздің мәдениеті мен дәстүрін таныстыра отырып, шынайы қазақы меймандостық көрсетілді", - делінген жарияланымда.

    Естеріңізге сала кетейік, 17 шілдеде Алматыда әйгілі америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтетіні туралы ақпарат тарады. Алдымен бұл жаңалықты оның менеджері Джозеф Карре хабарлады. Кейінірек Алматы әкімдігінің өкілдері ақпаратты растады.

    Концерт 14 тамызда сағат 21:00-де Орталық стадионда өтетіні белгілі болды.

    Сондай-ақ Алматы полициясы Канье Уэсттің тыңдарманына үндеу жасап, концертке билет сатып алу кезінде алаяқтарға алданып қалмаудың жолдарын айтты.

    Әкімдік концертке келушілер үшін алты бағыт бойынша 60 тегін шаттл қатынайтынын мәлім етті.

    Сонымен қатар рэпердің концертіне байланысты қай көшелер жабылатыны хабарланды.

    Канье Уэст Алматыға келді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.