Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі ашық жасалып отыр": Шымкентте есірткі тасымалдаушыларға жалақы ұсынған

Опубликовано:

есірткі марихуана
Көрнекі фото: kaskad.tv

Шымкент тұрғындары есірткі тасымалдаушысына айналудың қаншалықты оңай екеніне таңғалуда. Қалада есірткі таратумен айналысуға шақыратын жарнамалар іліне бастаған. Бұл жайт көпшілік наразылығын тудырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

КТК арнасының мәліметінше, қоғамдық орындарға жылдам табыс тапқысы келетіндерге арнап жарнамалар ілінген. Оларды ілгендер тіпті бейнебақылау камераларынан қорықпаған.

"Қызық үшін қандай жұмыс екенін сұрадық. Содан есірткіні тарату, дозаға бөлу және қажет жерге жеткізу керек деп ашық жауап берді. Мұның бәрі ашық жасалып отыр, бұл қорқынышты", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Евгений Яворский.

Есірткі тасымалдаушыларына жалақыны рубльмен төлеуге уәде берген. Байланыс телефоны ретінде де ресейлік нөмір көрсетілген.

Полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және іске қатысы барлар іздестіріліп жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933727-bari-asyq-zasalyp-otyr-symkentte-esirtki-tasymaldausylarga-zalaqy-usyngan/

pixel