Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алексей Цой коронавирус бойынша алдағы үш айға жаңа болжамын жариялады

Опубликовано:

Қазақстанда тағы 83 адамнан коронавирус анықталды
Көрнекі фото: Vincent Duterne / Photonews via Getty Images

Үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша алдағы қыс мезгіліне арналған жаңа болжамын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрдің айтуынша, алдағы үш айға коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамы келесідей болады:

Пессимистік сценарий: қарашада коронавирусты жұқтыру жағдайы 1800-ге дейін және желтоқсанда 2350 дейін жетеді;

Реалистік сценарий: қарашада 1650-ге дейін және желтоқсанда 1600 жағдайға дейін тіркеледі;

Оптимистік сценарий: қарашада 1500 жағдайға дейін және желтоқсанда 1100 жағдайға дейін тіркеледі.

Цойдың айтуынша, соңғы 2 айда Қазақстанда ауру жұқтыру деңгейі 4,5 есеге, өлім-жітім 4,8 есеге азайған.

Сондай-ақ, министр бүгінгі таңда елде 7,3 миллион адам екпе алғанын, бұл жоспардың 64,6 пайызын құрағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938915-aleksei-coi-koronavirus-boiynsa-aldagy-us-aiga-zana-bolzamyn-zariyalady/

pixel