RU

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

ФОто
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайға қатысты соңғы мәліметтер шықты. Оған сәйкес, өткен тәулікте 1 551 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Айта кетсек, 25 қазандағы жағдай бойынша, елімізде 1 353 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған еді. Ал 26 қазандағы жағдай бойынша бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 1 551-ге дейін өсіп отыр.

Олардың:

  • 132-і Нұр-Сұлтан қаласынан
  • 230-ы Алматы қаласынан
  • 38-і Шымкент қаласынан
  • 121-і Ақмола облысынан
  • 45-ы Ақтөбе облысынан
  • 88-і Алматы облысынан
  • 30-ы Атырау облысынан
  • 90-ы Шығыс Қазақстан облысынан
  • 26-ы Жамбыл облысынан
  • 47-і Батыс Қазақстан облысынан
  • 152-і Қарағанды облысынан
  • 110-ы Қостанай облысынан
  • 34-і Қызылорда облысынан
  • 7-і Маңғыстау облысынан
  • 223-і Павлодар облысынан
  • 147-ы Солтүстік Қазақстан облысынан
  • 31-і Түркістан облысынан.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 932 688-жетті.

Сонымен қатар, өткен тәулікте, 2 052 адам дерттен жазылып шыққан.

Қазір елімізде 49 938 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 8 584 пациент стационарда, 41 354 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 628 адамның жағдайы ауыр, 130 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

101 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939090-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-1-550-ge-deiin-azaidy/